10 Ақпан 2020
2095

Қызылорда облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес мекемесінде  короновирустық инфекция бойынша іс-шара өткізілді

Қызылорда облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес мекемесінің мәжіліс залында орталықтың эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі С.Балықбаеваның ұйымдастыруымен короновирустық инфекцияның алдын алуда сақтық шаралары туралы дәрігерлердің, дәрігер-инфекционист, дәрігер эпидемиологтар, орта буын медицина қызметкерлерінің қатысуымен оқу сабағы өткізілді. Семинар барысында дәрігерлер: А.Исмаилова, А.Садвакасова   короновирустық инфекцияның әлемдік, жақын мемлекеттер және Қазақстан республикасы аумағындағы эпидемиологиялық ахуалы, диагностикасы, эпидемиологиясы, жұғу жолдары, алдын алу, қорғану  шаралары бойынша баяндамалар жасады. Короновирустық инфекцияларға сезікті науқас анықталғанда атқарылатын медицина қызметкерлерінің іс-қимылдары талқыланды.

Садвакасова А.Я.- Қызылорда облыстық ЖИТС орталығы