Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұйғарымымен 1988 жылы бірінші рет 1-желтоқсан Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні ретінде аталып өтілді.
1999 жылдан бастап 1-желтоқсан Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес кампаниясы болып өзгертіліп, әр жылдың соңғы тоқсанында АИТВ/ЖИТС-ның алдын алуға байланысты науқан жарияланып, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың,сонымен қатар әр түрлі серіктестіктердің атсалысуымен Дүниежүзінің барлық елдерінде АИТВ/ЖИТС-ке қарсы әр түрлі алдын алу іс-шаралары өткізілуде.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы №176 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарын тиімді іске асыру және облыстық Денсаулық сақтау басқармасының 2019 жылғы 10 қазандағы №653 бұйрығы негізінде «Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы» аясында тұрғындардың АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру, АИТВ-инфекциясының алдын-алуда пәрменді іс-қимыл жасау мақсатында ауданымызда 5 қараша мен 5 желтоқсан аралығында «Қоғамдастықтың маңызы» тақырыбында Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы өтуде. Кампания аясында облыстық ЖИТС орталығы Шиелі филиалының ұйымдастыруымен 21 қараша күні Шиелі кенті «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Шиелі ауданындағы филиалында кәсіпкерлермен кездесу болып өтті. Кездесу барысында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары, салауатты өмір салтын қалыптастыру тақырыбында баяндама жасалынып, ақпараттық материалдар таратылды.