18 Қараша 2019
1581

ЖИТС орталығында «Ашық есік» күні!

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ НАЗАРЫНА!!!

Қала тұрғындары мен қонақтарын 2019 жылдың 19-шы  қарашасында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығында «Қоғамдастықтың маңызы бар»  ұранымен  жүріп жатқан Дүниежүзілік  ЖИТС-ке қарсы күні аясында  ұйымдастырылатын    «Ашық есік» күніне  шақырамыз.

Барлық келушілер дерматовенеролог, инфекционист дәрігерлердің кеңесін, сонымен қатар ерікті түрде анонимдік  немесе құпия  түрде АИТВ-инфекциясына қан тапсырып, өз АИТВ-статусын анықтай алады.

 

Мекен-жайымыз: Қызылорда қаласы, Шүкіров к-сі 52а, анықтама телефоны:   239454.

 

Облыстық ЖИТС орталығы.

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында облысымызда АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында   айлық жүргізіледі !

2019 жылдың 5-ші қарашасы мен 5-ші желтоқсан аралығында ««Қоғамдастықтың  маңызы бар!»   ұранымен  өтетін  Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Қызылорда  облысында АИТВ-инфекциясының алдын алу бағытында айлық  жүргізіледі.

АИТВ-инфекциясы  қазіргі таңда негізінен жыныстық жолмен, сонымен қатар иньекциялық есірткі тұтыну барысында жұқтыру кеңінен таралуда.

Өзінің АИТВ-статусын білмейтін адамдар бұл вирусты басқа адамдарға жұқтыруға қауіпі жоғары,бұл жағдай адамның өзіне ғана емес қоғамға да қауіпті.

Өткізілетін айлықтың басты мақсаты- облыс халқының АИТВ/ЖИТС тақырыбындағы білім деңгейін көтеру, оның ішінде халықтың осал топ өкілдері, сонымен қатар  жастар арасында АИТВ-инфекциясының таралуының алдын алу  болып табылады.

Айлық аясында оқу орындарында, ішкі істер,қорғаныс саласы,қылмыстық атқару жүйесі  мен бизнес құрылымдарында үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе  ауқымды іс-шаралар  ұйымдастырылады, сонымен қатар  қаланың кез келген азаматы тұрғылықты мекен-жайы бойынша бекітілген емханаларда,сонымен қатар  облыстық ЖИТС орталығында  ашық  немесе  жасырын (анонимді) түрде АИТВ-инфекциясына тексерілуіне және АИТВ статусын білуіне болады.

 

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес

жөніндегі Қызылорда облыстық орталығы