15 Қараша 2019
2293

«АИТВ және ЖИТС-тан қалай сақтану керек?»тақырыбында кездесу

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні кампаниясы аясында жастар мен жасөспірімдер назарын АИТВ/ЖИТС мәселесіне аудару және салауатты өмір салтына насихаттау мақсатында 2019 жылдың 15 қарашасында қалалық №257 мектеп мұғалімдер мен оқушылар арасында кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында АИТВ/ЖИТС дегеніміз не, жұғу жолдары және сақтану шаралары туралы ақпарат берілді. Іс-шара барысында республика, облыс көлемінде «Қоғамдастықтың маңызы бар» ұранымен жүргізліп жатқан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күні аясындағы кампанияның мақсаты мен міндеттері туралы ақпарат берілді. Қойылған сұрақтарға толық қанағаттанарлық жауаптар берілді. Бейнефильм көрсетілді, ақпараттық білім беру материалдары ұнпарақтар, буклеттер таратылды.

 Ашимова Л. мейірбике