13 Қараша 2019
6122

Ертеңгі болашақ – бүгінгі білімді ұрпақ

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні кампаниясы аясында жастар мен жасөспірімдер назарын АИТВ/ЖИТС мәселесіне аудару және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 12 қараша күні қалалық  №271-ші орта мектептің оқушылары арасында ...

«АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында АИТВ/ЖИТС дегеніміз не деген сауалға жалпы түсінік берілді. Сонымен қатар жастар мен жасөспірімдер арасында осы індеттің орын алмауы, салауатты өмір салтын ұстану маңызды екендігі насихатталды. Шара барысында ақпараттық танымдық материалдар таратылып, сұрақтарға жауап берілді.

 

О.Қайыр дәрігер эпидемиолог