24 Қазан 2019
2676

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында облысымызда АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында айлық жүргізіледі !!!

2019 жылдың 5-ші қарашасы мен 5-ші желтоқсан аралығында ««Қоғамдастықтың маңызы бар!» ұранымен өтетін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Қызылорда облысында АИТВ-инфекциясының алдын алу бағытында айлық жүргізіледі.

АИТВ-инфекциясы қазіргі таңда негізінен жыныстық жолмен, сонымен қатар иньекциялық есірткі тұтыну барысында жұқтыру кеңінен таралуда.
Өзінің АИТВ-статусын білмейтін адамдар бұл вирусты басқа адамдарға жұқтыруға қауіпі жоғары,бұл жағдай адамның өзіне ғана емес қоғамға да қауіпті.
Өткізілетін айлықтың басты мақсаты- облыс халқының АИТВ/ЖИТС тақырыбындағы білім деңгейін көтеру, оның ішінде халықтың осал топ өкілдері, сонымен қатар жастар арасында АИТВ-инфекциясының таралуының алдын алу болып табылады.
Айлық аясында оқу орындарында, ішкі істер,қорғаныс саласы,қылмыстық атқару жүйесі мен бизнес құрылымдарында үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылады, сонымен қатар қаланың кез келген азаматы тұрғылықты мекен-жайы бойынша бекітілген емханаларда,сонымен қатар облыстық ЖИТС орталығында ашық немесе жасырын (анонимді) түрде АИТВ-инфекциясына тексерілуіне және АИТВ статусын білуіне болады.

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес  жөніндегі Қызылорда облыстық орталығы