24 Маусым 2019
3609

АИТВ және НАШАҚОРЛЫҚ.

 

АИТВ-инфекциясы, бұл-халықтың денсаулығына қауіп төндіретін, сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық даму үдерісінде, өнімділікте қол жеткізген табыстарға, адамдардың әл-ауқатына, қоғамның бірлігіне, дамуына кедергі келтіретін проблема болып табылады. Осы АИТВ-инфекциясының жұқтырылуының  себептерінің бірі, бұл- нашақорлық.

 

 

Нашақорлықтың өсуі әлемдегі күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстанда есірткіні пайдалану күннен-күнге өсіп келуде. Нашақорлықтың арасында АИТВ таралуы қауіпті, тек инъекциялық есірткіні стерильденбеген құралдармен қабылдауға ғана байланысты емес. Көптеген психоактивті заттар, оны қалай қабылдағанына қарамастан, жасөспірімдерді АИТВ-пен зақымдалу қауіпіне ұшыратады. Есірткі олардың мінез-құлқына әсер етіп, тәуекелге  жиі барады.  Инъекциялық есірткі тұтыну АИТВ-инфекциясының таралуының бірден бір себебі болып табылады. Мұндай жағдай, қоғамда қатты алаңдатушылық туғызады.

 

Қазіргі күнге эпидемиологиялық жағдай; 2019-ші жылдың 31-ші мамырына өсу үрдісімен Республикада 37306 АИТВ жұқтырған тіркелген, соның ішінде ҚР азаматтары-34540, жүз мың тұрғынға көрсеткіші-129,9 (2019ж. 5 айында 1462 болса, 2018ж. 5 айда 1301 болған яғни өткен жылмен салыстырғанда 164 жағдайға өскен.

 

Қызылорда облысы бойынша 2018 жылдың 5 айында 7 жағдай тіркелсе, 2019-шы жылдың 5 айында 10 тіркелді оның 1-уі Шиелі ауданынан.

 

Өсу үрдісімен 31-ші мамыр 2019 жылға Қызылорда облысында барлығы 188 адам тіркелген, оның ішінде шетел азаматтары-32, Қазақстан азаматтары 152, оның ішінде облыс тұрғындары 139, басқа облыстан келгендер 13, аудандар кесімінде Арал 8, Қазалы 11, Қармақшы 8, Жалағаш 1, Сырдария 3, Шиелі 12, Жаңақорған 7, Қызылорда қаласынан 89 тіркеліп отыр. 

 

Жалпы Республикада да, біздің облыста да АИТВ-ның індеттік жағдайы күрделеніп келеді, оның ішінде біздің ауданда облыстағы басқа аудандардың арасында жоғарғы көрсеткіш көрсетуі, яғни өсу үрдісімен осы уақытқа дейін тіркелген 12 адамның 2-уі жұмысшы, 1-уі әскери қызметкер, 5-уі жұмыссыз, 1-уі зейнеткер, 2-уі жүкті әйел, 1-уі бір жасқа дейінгі бала болғаны, бұл ауру жасқа да, әлеуметтік статусқа да қарамайтыны  сонымен қатар соңғы төрт жылда 9 жағдай тіркеліп отырғаны алаңдатарлық жағдай.

 

Қорытындылай келе, достар, салауатты өмір салтын қалыптастыра отырып, білімдіде, білікті жастармен болашаққа нық сеніммен бет алайық. Арамызда дені сау, ұшқыр ойлы  саналыда, сапалы жастарымыздың саны көбейіп, ғасыр дертімен бірге күресейік.

 

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы

күрес жөніндегі облыстық  орталықтың

Шиелі ауданындағы филиалының

эпидемиолог көмекшісі Б.Парманқұлов