Қызыл лента
1991 жылы сәуір айында ЖИТС проблемасына қоғам назарын аудару мақсатында СПИД-ке қарсы қозғалыстың мүшесі, суретші Франк Мур “Қызыл лентаны” алғаш рет ойлап шығарды,оны алғашқылардың бірі болып Визуал АИДС ұйымының мүшелері тақты (суретшілер, өнер адамдары, т.б) Сол жылы Фредди Меркуриді еске алуға арналған концертке оның 70 мың табынушысы кеуделеріне ”Қызыл лента” тағып келді. Сол жылдан бастап “Қызыл лента ”АИТВ/ЖИТС-мен күрес және ЖИТС проблемасын түсіну қажеттігін көтерген адамдардың дауысын біріктірген үміт символы бола бастады.
Бұл күндері “Қызыл лента”;
- АИТВ/ЖИТС-мен өмір сүретін адамдарды алалауға, оларға таңба басуға қарсылық белігісі;
- Оларға сыйластық пен дұрыс көзқарасты қалыптастырудың белгісі;
- Жақын уақытта АИТВ/ЖИТС-ның емі табылады деген үміттің белгісі;
- ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды есте сақтау белгісі
- Дүниежүзінде АИТВ жұқтырған адамдардың ынтымақтастық символы болып табылады
Квилт
КВИЛТ-ті 1987 жылы АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында Клив Джонс атты азамат өзінің ЖИТС-тан қайтыс болған досына арнап тікті,бұл КВИЛТ-інде ол тек досына деген сүйіспеншілігін ғана емес, әрекетсіз отырған Америка елінің басшылығына өз қарсылығын да білдірді. Бұл бастаманы қаланың басқа тұрғындары да қолдағаны соншалық, КВИЛТ тігетін арнайы орталық ашылды. Бірнеше жылдан соң бұл қозғалыс әлемнің 40 елінде қолдау тапты.
КВИЛТ-әр түрлі тағдырдан хабар береді. Матаға өлгендердің аты-жөні, туған-қайтыс болған күні мен жылы, оларға деген туыстарының сағынышы кестеленіп,тіпті олардың жақсы көретін ойыншықтары мен заттары да қоса тігіледі.
КВИЛТ-АИТВ/ЖИТС мен өмір сүретін адамдарға деген қоғам мүшелерінің көзқарасын өзгертетін бірден-бір құрал болып табылады.