17 Сәуiр 2019
1918

Білім беру саласында АИТВ-инфекциясын алдын алуда өткізілген іс-шара туралы

Қызылорда қаласы Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжінде студенттер арасында АИТВ-инфекциясының анықтамасы, жұқтыру көзі, жұқпа жолдары, клиникасы, диагностикасы, антиретровирустық терапиясын тағайындаудың емдік көрсеткіштері жайлы жан-жақты видеоролик, презентация көрсетіліп түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


Сонымен қатар, АИТВ-инфекциясының әлемдегі, республикалық,  облыстардағы жалпы эпидемиологиялық жағдайы осы індетпен өмір сурушілер жайлары айтылды. Кездесу қызу сұрақ-жауап ретінде берілген сұрақтарға қанағаттанарлық толық жауаптармен белсенді түрде талқыланып жүргізілді.

 

А.Садуақасова дәрігер эпидемиолог