21 ақпан 2018 жылы Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қрасы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі аудандық филиалымен «БиС-Фарм»ЖШС-де «АИТВ/ЖИТС-тың бизнеске әсері, бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі», «Салауатты өмір салты - АИТВ-ның алдын алудағы басты шарты» тақырыбында кездесу ұйымдастырылған.
Кездесудің басты мақсаты: АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, халық арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, санитарлық ағарту жұмыстарын насихаттау, ақпараттандыру.
Кездесу барысында облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев Республика, облыс, аудан көлемінде АИТВ/ЖИТС бойынша 2018 жылдың қаңтар айына қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай, жұғу, таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтылды.
Сонымен қатар, АИТВ-инфекциясының бизнеске әсері, дүниежүзілік экономикалық форумның бәсекеге қабілеттілік жаhандық индексі бойынша 2017 жылы Қазақстан Республикасының көрсеткіштері туралы толық мағұлматтар беріліп, іс-шара барысында осы тақырыптағы ақпараттық білім беру материалдары таратылды.
ЖИТС-тің алдын-алу және оған қарсы
күрес жөніндегі облыстық орталықтың
Шиелі ауданындағы филиалының меңгерушісі
А.Яхудаұлы