10 Сәуiр 2019
3730

АИТВ ЖӘНЕ ТУБЕРКУЛЕЗ.

Қазақстан Республикасында туберкулез АИТВ- инфекциясын (Адамның Иммунитет Тапшылығының Вирусы) жұқтырғандардың 45 пайызында кездеседі, себебі  АИТВ инфекциясы жиі тараған региондарда туберкулез ауруы АИТВ жұқтырғандарға жиі кездесетін оппортунистік аурулар қатарына енді. Оппортунистік аурулар дегеніміз адам ағзасының иммундық жүйесі күрт әлсірегенін пайдаланып, бас көтеретін аурулар. Оларға туберкулез, герпетикалық инфекция, кандидоз, пневмоцисттік пневмония т.б. жатады. АИТВ - иммунитетті әлсіретіп, түрлі жұқпаларға жол ашатын инфекция болып табылады.

Республикамызда 2018 жылдың 12 айында 3218 АИТВ инфекциясын жұқтырғандар тіркелген, соның ішінде - ҚР азаматтары 3100. 2017 жылмен салыстырғанда 244 жағдайға өскен. Жұқтырғандардың ішінде ерлердің үлес салмағы - 62 % , әйелдер – 38 % болып отыр. Ал Қызылорда облысында өсу үрдісімен барлығы 143,оның ішінде 2018 жылдың 12 айында 20 адамда осы инфекция анықталған. 2017 жылы облысымызда 22 адамда ,2016 – 16 анықталған    

АИТВ жұқпасымен ауыратындардың арасында туберкулез көбеюі  жалпы эпидемиологиялық және әлеуметтік көрсеткіштерін төмендеуіне себебші болады, сондықтан АИТВ жұқтырғандарды арасындағы туберкулездің алдын – алу және туберкулез ауруына шалдыққандарды АИТВ-ға тексерудің маңызы  зор.                                                                                               

Әлемде туберкулез ауруымен АИТВ жұқтырғандардың жылына 200000-ға  жуығы қайтыс болады екен.

АИТВ мен  туберкулез қосалқы инфекциясының ерекшеліктері:

  • АИТВ жұқтырғандардың жартысында басқа инфекцияларға қарағанда туберкулез екі жыл бұрын пайда болады.
  • Өте ауыр иммундық тапшылық кезінде туберкулез өкпенің төменгі бөлігінде орналасады, кеудеішілік лимфабездерінің ұлғаюмен орталық нерв жүйесі және басқа да органдар мен жүйелер процесске енуі мүмкін
  • АИТВ инфекциясының ерте сатысында қақырықта туберкулез таяқшалары табылады және өкпеде қуыстар пайда болады.
  • АИТВ инфекциясының кеш  сатысында қақырықта туберкулез таяқшалары табылмайды  және өкпеде қуыстар сирек кездеседі , себебі иммунитеті төмендеген ағза бойындағы бактерияларға қарсы тұруға  дәрменсіз.
  • АИТВ мен өмір сүрушілерде өкпеден тыс туберкулез жиі кездестін формалары: -перифериялық және кеудеішілік лимфа бездерінің қабынуы, – өкпе, жүрек сыртындағы қабықтарының қабынулары.

 

Осы келтірген деректердің қаперге алып, қоғамның әрбір саналы мүшесі осы проблемалардың бар екенін  және жыл ма жыл көбейгенін ескеріп, өз жанұясына, достарына, айналасына жауапкершілікті болуды түсіну арқылы бұл эпидемияларды азайту, әрі қарай тоқтадуды мүмкіндік болары сөзсіз.

 

А.Оразбаева,

Сырдария  ауданындағы

психоәлеуметтік  кеңес беру

кабинетінің  дәрігері

 14.03.19 жыл