10 Сәуiр 2019
4329

АИТВ ИНФЕКЦИЯСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ

АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу шараларын халықтың арасында пәрменді насихаттау мақсатында Қызылорда қаласындағы 5544 әскери бөлімше қызметкерлері арасында кездесу ұйымдастырылды.


АИТВ-ның республикадағы, облыстағы індеттік ахуалы, алдын алу, сақтану шаралары толығымен түсіндірілді. Жалпы бұл инфекцияның 3 жұғу жолы бар. Қорғалмаған жыныстық қатынас арқылы (мүшеқапсыз), қан арқылы, анадан балаға (жүктілік кезінде, емізгенде ана сүті арқылы). Әскери бөлімше қызметкерлеріне ақпараттық танымдық материалдар таратылып, сұрақ жауаппен алмасты.

О. Қайыр ЖИТС орталығының дәрігер эпидемиологы