28 Қантар 2026
9

Студенттер ақпараттандырылды

Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата ҚУ-нің студенттер мен мұғалімдері арасында АИТВ және ЖЖБИ-дің алдын алу мақсатында «Я выбираю жизнь без риска» тақырыбында АИТВ орталығы мамандарымен кездесу кеші болып өтті. Аталмыш іс-шараның мақсаты жастар арасында зиянды әдеттерден аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, сонымен қатар жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар, оның ішінде қазіргі таңдағы күрделі мәселеге айналып отырған АИТВ/ЖИТС туралы кең көлемде мағұлмат беру болып табылады. Кездесу соңында АИТВ/ЖИТС жөніндегі үнпарақтар мен буклеттер таратылды және бейнероликтер көрсетілді.