08 Желтоқсан 2025
26

Дүниежүзілік ЖИТС - пен күрес күніне арналған кездесу

Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасы және Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандарымен 2025 жылдың 5 - ші желтоқсанында Дүниежүзілік ЖИТС - ке қарсы күрес күні аясында «АИТВ - ға қарсы күрестегі қиындықтардан - тиімді өзгерістерге!» тақырбымен «Арлан Транс» ЖШС - нің мекемесінің жолсеріктері арасында бірлескен кездесу өткізілді. Іс - шараның мақсаты - АИТВ инфекциясының және жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау. Кездесу аясында АИТВ - инфекциясының Қазақстан Республикасындағы, облыстағы, эпидемиологиялық ахуалы, аурудың жұғу жолдары мен алдын алу шаралары, диагностикасы, емі, дискриминация, стигма жайында және салауатты өмір салтының маңыздылығы, әр адамның өз денсаулығына жауапкершілігі жайында түсіндірме беріліп, ақпараттық - білім беру материалдары таратылды.Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарына жауап берілді.

Балыкбаева С. эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің меңгерушісі