24 Қараша 2025
10

Сурет сайысы

1 - желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС пен күрес күніне орай Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының қызметкерлері қараша айының 20 күні Мұстахым Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық - IT жоғары колледжінің студенттері арасында сурет сайысын өткізді. Сайысқа Қызылорда облыстық жастар денсаулығы орталығының мамандары қатысты.

Іс - шараның мақсаты: - жастар арасында АИТВ инфекциясы туралы дұрыс түсінік қалыптастыру, жұқтыру жолдары мен сақтану шараларын насихаттау, стигма мен кемсітушіліктің алдын алу және шығармашылық арқылы денсаулықтың маңызын көрсету.

Сурет сайысына колледждің 16 тобының студенттері қатысып, студенттер өз жұмыстарында АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, сақтану шаралары, толеранттық қолдау, өмірге деген құндылықты бейнеледі. Қорытындысы бойынша жүлделі орын алғандар диплом, алғыс хат, сыйлықтармен марапатталатын болады.

АИТВ орталығының дәрігері Ж.Кистаубаева