22 Қазан 2025
29

Колледж студенттері ақпараттандырылды

2025 жылдың қазан айында облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы Арал ПСК кабинетінің дәрігерінің қатысуымен «Арал көпсалалы колледжі» студенттерімен «Жыныстық жолмен берілетін инфекциялар және АИТВ-ның алдын алу шаралары» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесу барысында жастар арасында жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мен АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, олардың алдын алу және сақтық шаралары туралы кеңінен ақпарат берілді. Сондай-ақ, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Іс-шара кезінде колледж психологы Үсенова Феруза мен колледж мейірбикесі Құрманиязова Гүлнар Нұрлыбекқызы салауатты өмір салтын ұстану және жеке бас гигиенасын сақтау тақырыбында баяндама жасады.

Кездесу соңында студенттер өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды. Шара барысында қатысушыларға ақпараттық парақшалар таратылды.