15 Мамыр 2025
135

Дүниежүзілік ЖИТС - тен қайтыс болғандарды еске алу күнінің аясында әскери қызметшілер арасында іс - шаралар ұйымдастырылды

Облыстық АИТВ - инфекциясының алдын алу орталығының мамандарымен Қазақстан Республикасында репродуктивті денсаулықты қорғау және Дүниежүзілік ЖИТС - тен қайтыс болғандарды еске алу күнінің аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның №5547 әскери бөлімінде әскери қызметшілер арасында семинар - сабақ ұйымдастырылды. 

Семинар барысында республикадағы, облысымыздағы АИТВ - инфекциясы бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай, АИТВ - инфекциясының жұғу жолдары, емі, зертханалық диагностикасы мен алдын алу шаралары, стигма, дискриминация туралы айтылды.

Семинарға қатысқан 150 әскери қызметшілерге АИТВ/ЖИТС тақырыбында презентациялар, видеороликтер көрсетіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ақпараттық - білім беру материалдары таратылды.

#СалауаттыҰрпақ2025

#ЗдоровоеПоколение2025 

#RepHealth2025 

#SalauattiUrpaq2025