2025 жылдың 12-16 мамыр аралығында Қазақстан Республикасында репродуктивті денсаулықты қорғау апталығы өтуде. Апталықтың басты мақсаты-халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша ақпарттық-ағарту жұмыстарын жүргізу, соның ішінде жастардың репродуктивті денсаулығы және жыныстық жолмен берілетін аурулар мен АИТВ-инфекциясының алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру.
Осы мақсатта Шиелі аудандық емханасында "Ашық есік күні" өткізілді. Іс-шара барысында аудан тұрғындарына ЖЖБИ аурулардың, АИТВ-инфекциясының жұғу,таралу жолдары, диагностикасы мен емі, алдын алу шаралары бойынша толық мәліметтер беріліп, ақпараттық білім беру материалдары таратылды.
#СалауаттыҰрпақ 2025
#ЗдоровоеПоколение 2025
#RepHealth2025
#SalauattiUrpaq2025