2025 жылдың 12 - 16 мамыр аралығында Қазақстан Республикасында репродуктивті денсаулықты қорғау апталығы өтуде. Апталықтың басты мақсаты - халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша ақпарттық - ағарту жұмыстарын жүргізу, соның ішінде жастардың репродуктивті денсаулығы және жыныстық жолмен берілетін аурулар мен АИТВ - инфекциясының алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру.
Осы мақсатта халықаралық ЖИТС - тен құрбан болғандарды еске алу күні аясында Шиелі ауданы орталығындағы "ЭВРИКА", "БЕРЕКЕ" сауда үйлерінде АИТВ - ның алдын алу шаралары тақырыбында үгіт насихат жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық білім беру материалдары таратылды.
#СалауаттыҰрпақ2025
#ЗдоровоеПоколение2025
#RepHealth2025
#SalauattiUrpaq2025