13 Мамыр 2025
42

Жастар ресурстық орталығында кездесу

2025 жылдың 12 - 16 мамыр аралығында Қазақстан Республикасында репродуктивті денсаулықты қорғау апталығы өтуде. Апталықтың басты мақсаты - халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау және отбасын жоспарлау мәселелері бойынша ақпарттық - ағарту жұмыстарын жүргізу, соның ішінде жастардың репродуктивті денсаулығы және жыныстық жолмен берілетін аурулар мен АИТВ - инфекциясының алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру.

Осы мақсатта халықаралық ЖИТС - тен құрбан болғандарды еске алу күніне орай Шиелі аудандық жастар ресурстық орталығының мамандарымен дөңгелек стол өткізілді. Іс - шара барысында ЖЖБИ аурулардың, АИТВ - инфекциясының жұғу,таралу жолдары, диагностикасы мен емі, алдын алу шаралары бойынша толық мәліметтер беріліп, ақпараттық білім беру материалдары таратылды.

#СалауаттыҰрпақ 2025
#ЗдоровоеПоколение 2025
#RepHealth2025
#SalauattiUrpaq2025