18 Сәуiр 2025
233

Аудандық білім бөлімімен АИТВ жайлы бірлескен жұмыстар

Шиелі кентінде аудандық емхана мәжіліс залында аудандық білім бөлімі мен облыстық АИТВ инфекциясының  алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалының біріккен жоспарына сәйкес аудан көлеміндегі мектеп аяжандарының арасында білім ошақтарында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алуда жұмыстарды жандандыру, оқушылар мен мұғалімдердің АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша кеңінен ақпараттануын қамтамасыз ету, профилактикалық іс-шараларды насихаттау, стигма мен дикриминацияның алдын алу мақсатында семинар өткізілді. Іс-шара барысында облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының Шиелі ауданындағы филиалының меңгерушісі Ж.Пернебаева АИТВ/ЖИТС-тің Республикамыздағы, облыстағы және аудандағы  індеттік ахуалы туралы ақпарат берді. Эпидемиолог көмекшісі Б.Парманқұлов стигма, дискриминация және оқушылар арасында АИТВ-инфекциясы туралы сауаттылығын арттыру мақсатында баяндама жасады. Іс-шара соңында семинарға қатысушылар арасында сұрақ-жауап алмасып, қорытындылады.