АИТВ-инфекциясы – адамның иммун тапшылығы вирусы туындатқан, иммундық жүйенің ерекше зақымдануымен сипатталатын және жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромы қалыптасқанға дейін оның баяу бұзылуына алып келетін созылмалы инфекциялық ауру. АИТВ жұқпасы адамнан адамға биологиялық сұйықтықтар арқылы жұғады. АИТВ жұқтырғандар өздерінің мәртебесін білгеннен кейін өмірде көптеген жағдайларға тап болады. Қоғамда және жеке тұлғалар жағынан АИТВ жұқтырғандар жиі қолайсыз жағдайларға тап болады, оларға қатысты стигма және дискриминация туындалады. Қоғамда стигма және дискриминация (таңбалау, кемсіту, алалау) тарағандықтан, азаматтарды құқығынан айырып, мүмкіндіктерін шектейді.
Егер АИТВ жұқтырғандарға түсіністікпен қарап, оларға қолдау білдірсек, көмектессек, бірігіп стигма мен дискриминацияға қарсы күрес жүргізсек олардың өмірге деген көзқарасы басқаша болар еді. АИТВ-жұқпасына байланысты қалыптасқан көзқарас стигманы тудырады, сонымен қатар ұлттық, нәсілдік, жыныстық теңсіздікті күшейтеді. Мысалы, АИТВ-ны жұқтырған әйелдер мен еркектерге де көзқарас әр түрлі, жұқпа көзі еркек болса да, кінәлі қылып әйел адамды шығарады.
Стигма әлеуметтік теңсіздік тудырады, адам құқығына шек қойылады, медициналық және де басқа да қызмет алуға кедергі болады. Стигма мен дискриминация қатар жүреді.
АИТВ–мен өмір сүретін адамдарға қатысты дискриминация түрлері:
- Әлеуметтік-медициналық қызмет алғанда, медициналық қызметкерлер жағынан көзқарастың өзгеруі.
- Жұмыстан босату, жұмысқа қабылдамау, ауруға байланысты жәрдемақыдан айыру.
- Мектепке дейінгі мекемелерге, мектепке қабылдамау, мұғалімдерді жұмыстан босату.
- Қамаудағы АИТВ жұқтырған адамдарды мәжбүрлі шектеу, топтағы қызметке жол бермеу.
- Шет мемлекетке кіруге рұқсат бермеу.
Стигма дискриминацияны тудырады: қоғамнан оқшаулау, күнделікті қарым-қатынастан бас тарттыру, орынсыз айыптау, соқтығу, күш көрсету, өсек тарату.
Адамның ең басты құқығы – еркіндік, дискриминацияны болдырмау.
Дискриминациядан қорыққаннан адамдар өзінің АИТВ-жұқтырғанын мойындамайды, емделуден бас тартады, кейбіреулері жанұясынан қуылады, ерлі-зайыптылар ажырасады және тағы басқа жағдайлар орын алады. Стигма және дискриминация тығыз байланыста болғандықтан бір-бірін күшейтеді.
АИТВ-жұқпасына деген стигма және дискриминация ұрпақтан-ұрпаққа таралып, өсіп келе жатқан балаларға қиындықтар тудыруы мүмкін.
Стигма және дискриминацияны жоюдың тиімді жолы:
- АИТВ жұқтырған адамдарға қоғамдық өмірге үлесін салуға жағдай жасау.
- Денсаулықтарын сақтау үшін ем алуға мүмкіндік беру.
- Осы ем алудың арқасында олардың ұзақ өмір сүруін қамтамасыз ету.
Стигма және дискриминацияны жою үшін қоғамда:
- Стигма және дискриминация болған жағдайдағы қауіп-қатерге назар аудару.
- Стигма және дискриминация жойылғандағы артықшылықтарды насихаттау.
- Надандық, үрейлену, мойындамауды жою үшін ағарту жұмыстарын жүргізу.
- АИТВ жұқтырған адамдардың қоғамдық жұмысқа қатысуына қолдау көрсетіп, үміт пен ықыласының сақталуына көмек көрсету қажет.
АИТВ-жұқпасымен ұзақ өмір сүруге болады. Егер қасындағы адамдардан, яғни әрқайсымыздан, қолдау, түсінік және сүйіспеншілік көрсетілсе, өмірі одан да ұзаққа созылуы мүмкін.
Стигма және дискриминациямен күрескен жағдайда ғана біз АИТВ-жұқпасын жеңе аламыз.
Жалағаш аудандық ПСК кабинет дәрігері Бекниязова А.