«Өркениет» медициналық колледжі және М.Мәметова атындағы Қызылорда жоғары колледжі студенттері арасында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған «Адам құқықтары жолын дұрыс таңдаңыз» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты АИТВ инфекциясының алдын алу, жастар арасында жауапты мінез құлық қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды кемсітушілікке жол бермеу. Кездесу барысында АИТВ/ЖИТС-тің Республикадағы және облыстағы індеттік ахуалы, АИТВ инфекциясының жұғу жолдары, алдын алу шаралары, диагностикасы, емі, дискриминация стигманың алдын алу туралы мағұлматтар берілді. Сонымен қатар оқушылардың сұрақтарына жауап беріліп, кездесу соңында ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.
АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер эпидемиологі Н.Жанғабылов