27 Қараша 2024
66

Полиция қызметкерлері ақпараттандырылды

Шиелі аудандық полиция бөлімінде Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай «Адам құқықтары жолын дұрыс таңдаңыз!» тақырыбында жеке құрамы мен медицина қызметкерінің қатысуымен АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында Облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев республикадағы, облыстағы, аудандағы АИТВ-ның індеттік ахуалы, жұғу жолдары және алдын алу шаралары жөнінде баяндама жасады. Іс-шара соңында АИТВ/ЖИТС-тің алдын алуға бағытталған парақшалар, плакаттар таратылып, құқық қорғау қызметкерлерінің сұрақ-жауап алмасуымен қорытындыланды