25 Қараша 2024
36

Әскери қызметшілер арасында ЖИТС күніне арналған семинар

1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында әскери қызметшілер арасында іс-шаралар ұйымдастырылды.

Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандарымен Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында 2024 жылдың 22 қарашасында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның №5547 әскери бөлімінде әскери қызметшілер арасында семинар-сабақ ұйымдастырылды.
Семинар барысында республикадағы, облысымыздағы АИТВ-инфекциясы бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай, АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, емі, зертханалық диагностикасы мен алдын алу шаралары, стигма, дискриминация, сондай-ақ «Адам құқықтары жолын дұрыс таңдаңыз!» тақырыбымен 20 қараша мен 1 желтоқсан аралығында өткізіліп жатқан «Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күнінің» мақсаты мен міндеті туралы толық түсініктеме берілді.
Семинарға қатысқан 150 әскери қызметшілерге АИТВ/ЖИТС тақырыбында презентациялар, видеороликтер көрсетіліп, қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

Жанғабылов Н. - дәрігер-эпидемиолог