Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Байсын ауылында № 207 мектепте оқушылар мен мұғалімдер арасында «Адам құқықтары жолын дұрыс таңдаңыз» тақырыбында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының маманы Б. Парманқұловтың қатысуымен кездесу өтті. Кездесудің басты мақсаты - салауатты өмір салтын ұстану, жауапты мінез-құлық қалыптастыру, АИТВ-ның алдын алу және кемсітумен алалауға жол бермеу. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р. Мұстафаев іс-шараға қатысушыларға арнайы шақырылған маманды таныстырды. Орталық маманы Б. Парманқұлов АИТВ-ның індеттік ахуалы, жұғу жолдары, алдын алу шаралары тақырыбында ақпараттар берді. Мектеп медбикесі Ж. Жаналина салауатты өмір салты, жауапты мінез-құлық тақырыбында баяндама жасады. Іс-шара барысында оқушылармен сұрақ-жауап алмасып, тақырыптық парақшалар таратылып, қорытындыланды.
Б. Парманқұлов - эпидемиолог-көмекшісі
25 Қараша 2024
37