25 Қараша 2024
35

Адам құқықтары жолын дұрыс таңдаңыз

Шиелі кенті Ә. Қоңыратбаев атындағы №48 мектеп-лицейінде дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында мектеп оқушылары мен мұғалімдер арасында «Адам құқықтары жолын дұрыс таңдаңыз» тақырыбында АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы мен жастар денсаулығы орталығының мамандарымен кездесу болып өтті. Кездесудің басты мақсаты - салауатты өмір салтын ұстану, жауапты мінез-құлық қалыптастыру, АИТВ-ның алдын алу және кемсітумен алалауға жол бермеу. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н. Көпенова іс-шараға қатысушыларға арнайы шақырылған мамандарды таныстырды. Мамандар тарапынан баяндамалар жасалып, ақпараттар берілді. Мектеп аяжаны Г. Медешова салауатты өмір салты тақырыбында баяндама жасады. Іс-шара соңында оқушылар дайындаған тақырыптық плакаттар бойынша үздіктер анықталып, алғыс хаттармен марапатталды.
Балабек Парманқұлов - эпидемиолог-көмекші.