Шиелі кенті Ғ.Мұхамеджанов атындағы мектепте дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында мектеп оқушылары мен мұғалімдер арасында «Адам құқықтары жолын дұрыс таңдаңыз» тақырыбында акция болып өтті. Акцияға АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының меңгерушісі Ж. Пернебаева, маманы Б. Парманқұловтар шақырылды. Кездесудің басты мақсаты салауатты өмір салтын ұстану, жауапты мінез-құлық қалыптастыру, АИТВ-ның алдын алу және кемсітумен алалауға жол бермеу. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұ. Қожабекова іс-шараға қатысушыларға арнайы шақырылған мамандарды таныстырды. Орталық мамандары Ж. Пернебаева мен Б. Парманқұлов АИТВ-ның індеттік ахуалы, алдын алу шаралары туралы ақпараттармен бөлісіп, сұрақтарға жауап берді. Мектеп аяжаны А. Топаева салауатты өмір салты тақырыбында баяндама жасады.
Балабек Парманқұлов - эпидемиолог-көмекші.
25 Қараша 2024
189