Күн санап көбейіп келе жатқан АИТВ (ВИЧ) жұқпасының алдын алу шараларын жастар арасында да насихаттау әсте бәсеңсіген емес. Осы мақсатта Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының маманы Смағұлова Нұргүл Бақытбекқызымен №178 орта мектептің сынып оқушылары арасында кездесу болды. Кездесу барысында орталық маманы оқушыларға АИТВ-ның Республикадағы, облыстағы эпид жағдайы, оның берілу жолдары, сақтану шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық білім беру материалдары таратылды.
{gallery}it810{/gallery}