Шиелі аудандық Білім бөліміне қарасты «Сыр Ұланы» тынығу лагерінің ұйымтастыруымен тынығушылар және тәлімгерлер арасында «АИТВ және нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс шара барысында жеткіншектерге АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру мақсатында Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы Шиелі ауданындағы филиалының мамандары АИТВ-ның ҚР-ғы, облыстағы, аудандағы індеттік ахуалы мен алдын алу шаралары туралы ақпарат берді. Жастар денсаулық орталығының мамандары АИТВ-ның алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау мен ақпараттық жұмыстар өткізілді. Кездесу барысында қатысушылармен пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауап берді, көрнекті құралдар, парақшалар таратылды.
24 Маусым 2024
162