20 Мамыр 2024
131

ЖИТС ауруынан құрбан болғандарды еске алу күніне орай жастар арасында спорттық іс шара өткізілді.

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облысытық орталығының Шиелі ауданындағы филиалының ұйымдастыруымен, ЖИТС ауруынан құрбан болғандарды еске алу күніне орай жастар арасында спорттық іс шара болып өтті. Кездесу барысында спорт мектеп аяжаны Л.Ұлтарақова жастарды Дүниежүзілік ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күніне орай өткізіліпжатқан іс шара барысымен таныстырды. Қызылорда обылыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы Шиелі ауданындағы филиалының маманы АИТВ/ЖИТС-тің облыс, аудан бойынша індеттік ахуалы және АИТВ-ның жұғу жолдары және алдын алу шаралары жөнінде баяндама жасады. Іс-шара барысында жастар арасында сұрақ-жауап алмасып, ақпараттық мәліметтер беріліп қорытындыланды.

Қызылорда обылыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы Шиелі ауданындағы филиалының эпидемилог көмекшісі Т.Досаев