ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облысытық орталығының Шиелі ауданындағы филиалының ұйымдастыруымен, ЖИТС ауруынан құрбан болғандарды еске алу күніне орай жастар арасында кездесу болып өтті. Қызылорда обылыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы Шиелі ауданындағы филиалының меңгерушісі Ж.Пернебаева АИТВ/ЖИТС-тің облыс, аудан бойынша індеттік ахуалы және АИТВ-ның жұғу жолдары және алдын алу шаралары жөнінде баяндама жасады. Іс-шара барысында жастар арасында сұрақ-жауап алмасып, ақпараттық мәліметтер беріліп қорытындыланды.
20 Мамыр 2024
142