ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай Н.Бекежанов ауылдық дәрігерлік амбулаториясында медицина қызметкерлері арасында семинар ұйымдастырылды
Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы Шиелі ауданындағы филиалының мандарымен Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күніне орай 2024 жылдың 14-ші мамырында Н.Бекежанов ауылдық дәрігерлік амбулаториясында медицина қызметкерлері арасында семинар ұйымдастырылды
Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы Шиелі ауданындағы филиалының инфекционист дәрігері А.Молдабекова .Дүниежүзілік ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу күнінің маңыздылығына тоқталып, негізгі мақсаттары туралы түсіндірді. АИТВ-инфекциясының жұғу,таралу жолдары, клиникасы, емі , алдын алу шаралары, АИТВ-жұқтырғандар арасында стигма, дискриминацияны болдырмау, АИТВ инфекциясының емі мен диагностикасы тақырыбында мағұлмат берілді.
Сонымен қатар, қазіргі таңдағы АИТВ-инфекциясын ерте анықтайтын замануи жедел тестілер туралы мәліметтер беріліп, мед қызметкер арасында капиллярлық және сілекейлік тестілер қойылып, қатысқандардың сұрақтарына жауаптар беріліп, ақпараттық білім беру материалдары таратылды.