17 Мамыр 2024
61

ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу

Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісі ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні халықаралық деңгейде аталып өтіледі. Әлем болып бірігіп күрес жүргізіп келе жатқан ғасыр індетінің таралуы ұлт үшін үлкен қауіп туғызады. Қатерлі дертті жер бетінде 75 миллионнан астам адам жұқтырса, оның 25-30 миллионы көз жұмған. СПИД-тен құрбан болғандарды еске алу күні 1983 жылы алғаш рет АҚШ-тың Сан-Фран­циско қаласында өткізілген. Содан бері жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде аталып келеді. Оған көптеген қоғамдық ұйымдар қатыс­тырылып, ЖИТС-ке қарсы күрделі іс-шаралар ұйымдастырылады. Осыған орай Базар ішінде радиохабарлама жүргізілді. Радиохабарламаны баяндаған Қазалы филиалы эпидемиолог көмекшісі Ұ.Жүсіп оқыды.

Қазалы филиалы эпидемиолог көмекшісі Ұ.Жүсіп.