Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісі ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні халықаралық деңгейде аталып өтіледі. Бұл іс-шараларды өткізудегі негізгі мақсат-ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске ала отырып аталмыш проблемаға қоғам назарын аудару. ЖИТС індетіне қарсы жүргізіліп жатқан іс шараларды қолдау, АИТВ/ЖИТС-ке байланысты халықтың ақпараттану деңгейін арттыру. АИТВ/ЖИТС-пен ауыратын адамдарға психологиялық және моральдық қолдау көрсету болып табылады.
Қазіргі кезде АИТВ/ЖИТС қоғамымыздың өзекті мәселесі, сол үшін де бәріне қатысты, оны елемей жүруге болмайды. Сондықтан да АИТВ ауруына шалдыққан адамдардың қасында өмір сүріп жүрген біздер өте шыдамды болуымыз керек, мұндай ауруға шалдыққан адамдарға өмір сүруіне көмек көрсетумен бірге рухани демеушілік жасауымыз керек. ЖИТС құрбандарын еске алу күні осы мақсаттарды көздейді. Осыған орай Қазалы ауданындағы Мусаев базары,Сезім базары кәсіпкерлері арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қазалы филиалы эпидемиолог көмекшісі Ұ.Жүсіп