21 Ақпан 2024
66

АИТВ және жастар

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалы, №181-ші мектептің ұйымдастыруымен АИТВ-ның алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында оқушылар арасында кездесу өткізілді. Облыстық ЖИТС орталығының Шиелі ауданындағы филиалының маманы Т.Досаев АИТВ/ЖИТС-тің облыс, аудан бойынша эпидемиологиялық жағдайы, АИТВ-ның жұғу жолдары, алдын алу тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектеп аяжаны А.Шерязданова салауатты өмір салты, тақырыбында баяндама жасап, үнпарақтар таратылды.