АИТВ-ның алдын алу
1-желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай 2023 жылғы 20
қараша мен 1 желтоқсан аралығында «Көшбасшылық-қауымдастықтарға»
тақырыбында онкүндік жарияланып тұрғындар, әсіресе жастар арасында әр түрлі
форматта іс-шаралар өткізілуде.
М.Ыхсанов атындағы политехникалық колледжде ЖИТС-тің алдын алу және
оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың дәрігері Ж.Кистаубаева және
облыстық жастар денсаулығы орталығының дәрігері С. Каусова жастарға АИТВ-
ның індеттік ахуалы, жұғу жолдары, сақтану шаралары тақырыбында ақпараттар
беріп, бейнероликтер көрсетіп, соңында жастар тарапынан қойылған сұрақтарға
жауап берді. Ақпараттық білім беру материалдары таратылды.
ЖИТС орталығының ұйымдастыру
әдістемелік бөлімінің дәрігері Ж.Кистаубаева
{gallery}ale/4{/gallery}