ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!
Жыл сайын 1 желтоқсанда Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күні аталып өтеді. Бұл күні бүкіл әлем бойынша АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қолдау көрсету үшін бірігіп, ЖИТС-пен байланысты аурулардан қайтыс болғандарды еске алады.
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні әр жылы белгілі бір тарқырыпта өтеді. Биылғы жылы бұл тақырып теңдікке арналып, 2023 жылы «КӨШБАСШЫЛЫҚ-ҚАУЫМДАСТЫҚТАРҒА» тақырыбында өтуде.
Облыс көлемінде халықты, әсіресе жастар мен жасөспірімдерді зиянды әдеттерден сақтандыру, салауатты өмір салтына бағыттау, ЖИТС-тің алдын алу шараларын пәрменді жүргізу мақсатында 2023 жылдың 20 қарашасы мен 1-ші желтоқсан аралығында ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған 10 күндік науқан жүргізілуде. Науқанның басты мақсаты: қоғамда АИТВ/ЖИТС жұқтырған адамдарға алалау, кемсіту, бөлу секілді көзқарастарды болдырмау, халыққа АИТВ/ЖИТС жайлы түсініктерін кеңейту үшін қажетті мәліметтер беру, дертті жұқтырып алғандарға медициналық жәрдем беру, инфекциямен өмір сүріп жатқандарға психологиялық-әлеуметтік, моральдік көмектің жасалуына ықпал жасау, осы проблемаға халықаралық, отандық, үкіметтік емес мекемелерді тарту, халықтың осал топтары үшін жасалатын арнайы бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету болып табылады.
АИТВ-инфекциясынан сақтандыру үшін бір ғана медицина емес, барлық қоғам құрылымдары мен қауымдастықтар болып бір жағадан қол, бір жеңнен бас шығара отырып жұмыс атқарғанда ғана нәтиже болары сөзсіз. Себебі, медицина қанша күш салғанымен әрбір азамат өзін инфекциядан қорғай білмесе, немесе қорғауға құлқы болмаса инфекцияны жұқтырары сөзсіз.
АИТВ-инфекциясының алдын алуда әр тұрғынның өз АИТВ-статусын білуі маңызды, сондықтан 2023 жылдың 23-ші қаршасында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығында Ашық есік күні болатынын хабарлай отырып, қала тұрғындарын,қонақтарын, жастарды тегін,құпия, конфидициальды түрде АИТВ-инфекциясына тексеріліп, өз АИТВ-статусыңызды білуге шақырамыз.
Эпидемиологиялық қадағалау
бөлімнің меңгерушісі
С.Ш.Балықбаева