Ахмет Ләйлә Кенжебайқызы – Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігері
Туған жылы: 1969 жылы 27 сәуір
Туған жері: Қызылорда облысы, Арал ауданы
Ұлты: қазақ.
Білімі: жоғары, Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу ісі факультеті, дәрігер мамандығы. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, экономика бакалавры. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, денсаулық сақтаудағы іскерлік әкімшілендіру магистрі (ЕМВА).
Еңбек тәжірибесі: 1992 жылдан бастап 1993 жылға дейін Қызылорда қаласындағы қалалық ауруханада терапевт дәрігері болып жұмыс жасаған.
1993-2016 жж. Қызылорда қаласында, Қазалы ауданында дәрігер, бөлім меңгеруші, бас дәрігердің орынбасары.
2016-2017жж.-Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасында бөлім басшысы.
2017-2025жж. Қызылорда қаласындағы №3 қалалық емханада бөлім меңгерушісі, бас дәрігердің орынбасары қызметін атқарған.
Еңбек өтілі: 32 жыл.
Қосымша ақпараттар: 2016 ж.- Польша, Денсаулық сақтау менеджменті бойынша қайта даярлаудан өткен;
2019-2021жж. -Қоғамдық денсаулық сақтау мамандығы бойынша Қазақстан Республикасында Денсаулық сақтауды басқарудың заманауи тәсілдері тақырыбында білімін жетілдірген;
2021, 2024 ж. Денсаулық сақтау менеджменті бойынша қайта даярлаудан өткен;
Жоғарғы санатты қоғамдық денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы.
Денсаулық сақтау саласындағы менеджер.
2025 жылдың 22-і шілдесінен бастап АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігері.