28 ноября 2022
456

Жастар мен жасөспірімдер арасында АИТВ-ның алдын алу

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес куніне орай іс-шаралар жалғасуда.  2022 жылдың  25 қарашасында  ЖИТС-тің  алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығының дәрігер эпидемиологы  Жолманова Г, эпидемиолог көмекшісі Бекова Қ М.Мәметова атындағы педагогикалық жоғарғы колледж  студенттерімен кездесу өткізілді. Кездесу  барысында  «Теңдік уақыты» ұранымен ЖИТС-ке қарсы күресте кедергі болатын теңсіздік мәселелерімен күресуге, яғни стигма, дискриминацияның алдын алудың маңыздылығына сипаттама берілді. ЖИТС-тің ахуалы, жұғу жолдары,  алдын алу, сақтану  шаралары  туралы толық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Студенттер  қойған сауалдарына жауап беріліп,    бейне роликтер  көрсетілді, буклеттер мен үн парақтар таратылды