04 октября 2024
206

АИТВ/ЖИТС және Жасөспірімдер

Күн санап көбейіп келе жатқан АИТВ (ВИЧ) жұқпасының алдын алу шараларын насихаттау әсте бәсеңсіген емес. Соның бір айғағы ретінде Қызылорда облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының мамандары қаламыздағы №268 орта мектепте «Жасөспірімдер және АИТВ/ЖИТС» тақырыбында кездесу өткізді. Бағдарламаға сәйкес оқушылардың бойында АИТВ жұқтыруға кедергі келтіретін мінез-құлық стереотипін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар, алалау мен кемсітуді болдырмау, АИТВ-ның жұғу жолдары, сақтану шаралары жайында айтылды. Мамандар оқушылардың АИТВ/ЖИТС жөніндегі сұрақтарына жауап беріп, АИТВ инфекциясының әлемде, республикада, облыстағы тіркелу жағдайы туралы мәлімет берілді.