"Өмір сүру үшін, есте сақтаймыз!" тақырыбында іс-шаралар жүргізілді

Арал ауданы ПӘК кабинеті мамандарының ұйымдастыруымен ЖИТС құрбандарын еске алу күніне орай «Өмір сүру үшін, есте сақтаймыз!» атты ұранмен Арал индустриалды-техникалық колледжінде дөңгелек үстел, сұрақ жауап кештері, кездесулер өткізілді.

АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары насихатталды

Арал ауданы психо-әлеуметтік көмек көрсету кабинетінің мамандарының ұйымдастыруымен ЖИТС құрбандарын еске алу күніне орай «Өмір сүру үшін, есте сақтаймыз!» атты ұранмен Арал көпсалалы колледжінде – дөңгелек үстел, сұрақ-жауап кештері, кездесулер, дәрістер өткізілді.

АИТВ және жасөспірімдер

ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күніне орай  Жаңақорған, Жалағаш, Қазалы аудандарында аудандық білім бөлімдері және  ЖИТС орталықтары мамандарының ұйымдастыруымен  мектептердегі директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары,  псхологтар, тәлімгерлер, әлеуметтік педагогтар  арасында «Жасөспірімдер арасында АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу.

Халықаралық  ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні

17 мамыр күні сағат 11:00-де Абылай хан атындағы жоғары колледжінің мәжіліс залында Халықаралық ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күніне орай «Өмір сүру үшін есте сақтаймыз» ұранымен жастар акциясы өткізілді.

Алдын алу шаралары насихатталды

Жыныстық жолмен жұғатын вирустық инфекциялар кейінгі кезде кеңінен етек алуда. Олардың адам ағзасына келтірер зардабы орасан зор. Осыған орай, Қармақшы аудандық психо-әлеуметтік көмек көрсету кабинетінің мамандары аудандық емханаға келушілерге жыныстық жолмен жұғатын аурулар, оның ішінде АИТВ/ЖИТС, Мерез жайлы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді. Түрлі инфекциялардың алдын алу, сақтану шараларын түсіндірілді. Ақпараттық танымдық материалдар қоса таратылды.