17 Мамыр 2019
5924

Халықаралық  ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні

17 мамыр күні сағат 11:00-де Абылай хан атындағы жоғары колледжінің мәжіліс залында Халықаралық ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күніне орай «Өмір сүру үшін есте сақтаймыз» ұранымен жастар акциясы өткізілді.

 

Акцияны ұйымдастырушылар: ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығы және Абылай хан атындағы жоғары колледжі. Сондай ақ акцияға облыстық жастар денсаулығы орталығы, Салауатты өмiр салтын қалыптастыру, облыстқ наркологиялық, облыстық тері-венерологиялық орталықтары және белсенді жастар ұйымдарының мүшелері қатысады.

 

Әр жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде, Халықаралық ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні өткізіледі. Бұл күн алғаш рет 1983 жылы Сан-Франциско қаласында аталып өтілген болса, қазіргі таңда   әлемнің 115 елінде,   1200 жуық  қоғамдық ұйымдардың атсалысуымен өткізілетін кең көлемді шаралардың бірі болып табылады.      Биылғы жылы Халықаралық  ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күні 36-шы рет өткізілмекші.

           

Бұл күнді атап өтудің негізгі  мақсаты: АИТВ-мен өмір сүруші адамдарға моральдік, рухани және психологиялық  қолдау көрсету, АИТВ/ЖИТС проблемасының бар екенін  қоғамның  барлық құрылымдарының есіне салу,  біздің  әрқайсымыз АИТВ жұқтырған адамдар үшін не істей алатанымызды ойлану. Сонымен қатар АИТВ жұқтырғандардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету, азаматтық қоғамдағы және үкімет басындағылардың назарын АИТВ/ЖИТС эпидемиясына баса назар аударуына, індеттің алдын алу, сақтану шараларын, жұғу жолдарын кеңінен насихаттауға бағытталған.

 

Осы күні дүниежүзінде АИТВ/ЖИТС-тен қайтыс болғандардың ата-аналары, туыстары мен достары олардың ешқашан ұмытылмайтынын, мәңгіге кетпейтіндігінің белгісі ретінде есімдерін шыт матаға жазып ескерткіш жасайды. Бұны квилт деп атайды. Бірінші рет американдық Клив Джонс өзінің досы Марк Фельдманға арнап квилт тікті. Осы арқылы ол індетке кімде болса душар болатынын түсіндіргісі келді. Қатерлі дерт арамыздан есімі елге танымал атақты кино жұлдыздарын, әншілерді, ақындар мен жазушыларды алып кетті. Олардың ішінде француз – Эрве Гибер, АҚШ-тың кино әртісі – Рок Хадсон, франция бишісі – Рудольф Нуреев, АҚШ-тың фантаст жазушысы – Айзек Амиров.

 

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы бойынша 34203 адам АИТВ инфекциясымен тіркеліп отыр.

 

Біздің облысымызда алғаш рет АИТВ індетін жұқтыру оқиғасы тіркелгеннен бері барлығы 147 адам жұқтырса, 10-ы  АИТВ-дан қайтыс болды. Жұқтырғандардың 97-і (65,9) жыныстық қатынас арқылы, 34-і (23,1%) иньекциялық есірткі тұтынушылар арасында анықталып отыр. Олардың 90-ы (61,2%) ерлер, 57-і (38,7%) әйелдер. Үстіміздегі жылы 4 айында 4 адамнан АИТВ инфекциясы анықталды. Олардың 2-і ер кісі, 2-і  әйел, жұқтырғандардың 2-і  жыныстық қатынас, 1-і иньекциялық есірткі тұтыну арқылы, 1-і анадан балаға берілу арқылы анықталғандар.  

 

«Бұл акция азаматтық қоғамдағы және үкімет басындағыларды АИТВ/ЖИТС эпидемиясына баса назар аударуына бағытталған. Қазіргі кезде қоғамымыздың өзекті мәселесі, сол үшін де бәріне қатысты, оны елемеуі мүмкін емес. Сондықтан да АИТВ ауруына шалдыққан адамдардың қасында өмір сүріп жүрген біздер өте шыдамды болуымыз керек, мұндай ауруға шалдыққан адамдарға жазылып кетуіне көмек көрсетумен бірге рухани демеушілік жасауымыз керек. Облыстық ЖИТС орталығының мамандары мен дәрігерлерінің де алға қойған мақсаттары осы болып отыр.         

               

 17.05.2019