16 Мамыр 2019
2291

Алдын алу шаралары насихатталды

Жыныстық жолмен жұғатын вирустық инфекциялар кейінгі кезде кеңінен етек алуда. Олардың адам ағзасына келтірер зардабы орасан зор. Осыған орай, Қармақшы аудандық психо-әлеуметтік көмек көрсету кабинетінің мамандары аудандық емханаға келушілерге жыныстық жолмен жұғатын аурулар, оның ішінде АИТВ/ЖИТС, Мерез жайлы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді. Түрлі инфекциялардың алдын алу, сақтану шараларын түсіндірілді. Ақпараттық танымдық материалдар қоса таратылды.

 

А.Балмаханова – ПӘК кабинетінің дәрігері