АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу шаралары жалғасуда

Шиелі ауданы Тартоғай елді мекеніндегі Шахмардан Есенов атындағы №153-ші орта мектебінде Бүкіләлемдік ЖИТС-ке ке қарсы күрес Кампаниясын өткізу қарсаңында мұғалімдердің, жоғарғы сынып оқушыларының  АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша ақпараттану деңгейін арттыру АИТВ инфекциясының алдын алуда пәрменді іс қимыл жасау мақсатында ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі филиалының маманыоқушылар мен мұғалімдерарасындакездесу ұйымдастырып өткізді.

АИТВ инфекциясының алдын алу шаралары

«АИТВ/ЖИТС-тің өзекті мәселелері және оның алдын алу шаралары, интреактивті оқыту әдісінің маңызы»

Қазан айының айының 22-де  ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің дәрігер әдіскері Ж.Қыстаубаева, эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің педагог маманы Н.Смагулова    облыстағы колледждердің психолог, өзін өзі тану мамандары арасында «АИТВ/ЖИТС-тің өзекті мәселелері және оның алдын алу шаралары, интреактивті оқыту әдісінің маңызы» тақырыбында облыстық семинар тренинг өткізді.

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында облысымызда АИТВ-инфекциясының алдын алу мақсатында айлық жүргізіледі !!!

2019 жылдың 5-ші қарашасы мен 5-ші желтоқсан аралығында ««Қоғамдастықтың маңызы бар!» ұранымен өтетін Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні аясында Қызылорда облысында АИТВ-инфекциясының алдын алу бағытында айлық жүргізіледі.

1-қазан 2019 жылға барлығы ҚР бойынша 35701 адам АИТВ инфекциясымен тіркеліп отыр.

1-қазан 2019 жылға барлығы ҚР бойынша 35701 адам АИТВ инфекциясымен тіркеліп отыр. Біздің облыста өсу үрдісімен алғанда 155 адам тіркелді. Ал биылғы 9 айда ҚР -2629 адам тіркелсе, облыста 12 адам тіркелген, былтыр 14 адам тіркелген болатын 2 адамға азайып отыр.Анықталғандардың басым көпшілігі яғни ,  10-ы 83,3% 15-49 жас  аралығындағылар болса, 1-уі 8,3%  2-14 жас аралығынан анықталып отыр.