08 Сәуiр 2019
5251

Құрылым

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталық, өз қызметтерінде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексін, салалық нормативтік құқықтық актілерді, ұйым Жарғысын және Ережені басшылыққа алады.

ЖИТС профилактикасы және оған қарсы күрес жөніндегі орталықтың негізгі міндеттері:

АИТВ инфекциясы және ЖИТС профилактикасы, диагностикалау және емдеу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және үйлестіру;

Эпидемиологиялық қадағалаумен індетке қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

АИТВ инфекциясын және ЖИТС үйлескен ауруларды зертханалық диагностикалауды ұйымдастыру және жүргізу;

АИТВ инфекциясын емдеуге және жүргізілген зерттеулерге мониторинг жасау;

Диспансерлеу және АИТВ жұқтырған адамдарға медициналық көмек көрсету, жанасудан кейінгі антиретровирустық алдын алуды өткізу;

АИТВ инфекциясы мен ЖИТС профилактикасы, диагностикалау және емдеу мәселелері бойынша медициналық қызметтерді даярлықтан өткізу болып табылады.

 

Өз қызметіндегі басымдық бағыттарға сәйкес ЖИТС орталығы 4 бөлімнен: ұйымдастыру-әдістемелік, эпидемиологиялық қадағалау, емдік-көмек бөлімдері мен ИФА зертханасынан тұрады.

Эпидемиологиялық қадағалау бөлiмiнiң меңгерушiсi бірінші кәсiптiк санаттағы дәрiгер-эпидемиолог Балықбаева Салтанат Шамиқызы.

Бөлiм қызметінің  басты бағыттары - тұрғындар, әсiресе жастар арасында АИТВ-ның алдын алу шараларын кеңiнен насихаттау, донорлық қан қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, АИТВ жұқпасына iндеттiк қадағалау, мониторинг жүргiзу, мiнез-құлқы қатерлi топ өкiлдерi арасында профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру, емдеу-алдын алу ұйымдарына АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету  болып табылады. Сонымен бірге эпидемиологиялық қадағалау бөлiмi АИТВ-инфекциясына шолушы эпидемиологиялық қадағалау жұмысын ұйымдастырады, талдау жасайды. АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша әдістемелік материалдар, облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқа мәжілісінің,  ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесінің  материалдарын  әзірлейді,  үкіметтік емес және басқа да қоғамдық ұйымдармен байланыс жасайды.

Облыс орталығында мінез-құлқы қатерлі топ өкілдеріне арналған (инъекциялық есірткі тұтынушылар, жыныстық қатынас қызметкерлері, ерлермен жыныстық қатынас жасайтын ерлер) 2 стационарлық, 1 көшпелі  сенім пункттері жұмыс жасайды. Облыс орталығында мінез-құлқы қатерлі топ өкілдеріне арналған (инъекциялық есірткі тұтынушылар, жыныстық қатынас қызметкерлері, ерлермен жыныстық қатынас жасайтын ерлер) 2 стационарлық (ЖИТС орталығының 1-ші қабатында және Шанхай м/а Жанқожа батыр 82/18 мекен жайы бойынша), 1 көшпелі  сенім пункттері жұмыс жасайды.

                                                                                                   

Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімі

 

Ұйымдастыру-әдістемелік бөлімін Шушаев Қанат Закирьяұлы басқарады, сонымен қатар бұл бөлімнің қызметі төмендегідей:

- Жергілікті атқару және денсаулық сақтау органдарымен, әртүрлі ведомстовлармен, қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып, облыста АИТВ инфекциясының алдын алу бағдарламаларын әзірлеуге қатысады.

- Денсаулық сақтау ісіне байланысты Республикалық деңгейдегі бағдарламалар мен келісімдердің жүзеге асырылуына қатысады,  мониторинг жүргізеді.

- АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша нормативтік-құқықтық актілер, нұсқамалық және әдістемелік материалдар жобасын әзірлеуге қатысады.

- ЖИТС ОО-ң перспективалық және  жылдық жоспарларын әзірлейді.

- Орталықтың, бөлімнің жылдық жоспарларын, жылдық және айлық есептерін әзірлейді және оны жүзеге асырады. АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша әдістемелік материалдар, облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқа мәжілісінің, үйлестіру кеңесінің, ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың медициналық кеңесінің  материалдарын  әзірлейді.

-  Әртүрлі ведомстволармен, тиісті мекемелермен, ұйымдармен мақсатты Бағдарламаларды, кешенді жоспарларды келістіреді.

- Әртүрлі ведомстволармен, ұйымдармен бірге АИТВ/ЖИТС мәселесі бойынша ақпараттандыруды қажет ететін топтар өкілдері арасында оқыту бағдарламаларын жүзеге асырады.

-  Кешенді және мақсатты  Бағдарламалардың,  Орталықтың, құрылымдық бөлімдердің, аудандардағы психо-әлеуметтік кеңес беру кабинеттерінің жылдық жоспарларының, медициналық кеңес және  апталық мәжіліс хаттамасы шешімдерінің   орындалуына бақылау және талдау жасайды.

- Интерактивтік оқыту әдістерін қолдана отырып,  Орталықтың басқа бөлімдері мамандарымен бірге тұрғындар және мақсатты топтар арасында ақпараттық, санитарлық ағарту жұмыстарын ұйымдастырып, өткізеді.

- АИТВ/ЖИТС мәселесіне байланысты ұйымдастырылған іс-шараларға бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қатыстырады, пресс-конференциялар, дөңгелек үстелдер, ток-шоулар, сұрақ-жауап кештеріне қатысады және  мақалалар әзірлейді.

- Аудандардағы филиалдар мен психо-әлеуметтік кеңес беру кабинеттеріне, емдеу-алдын алу ұйымдарына әдістемелік көмек көрсетеді, АИТВ/ЖИТС саласы бойынша атқарылған  жұмыстарына баға береді.

- АИТВ/ЖИТС-тың алдын алу мәселесі бойынша үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп іс-шаралар атқарады, оларға әдістемелік көмектер мен кеңестер береді, бастамаларына қолдау көрсетеді.

- Қазақ және орыс тілдерінде әртүрлі топ өкілдеріне арналған ақпараттық білім материалдарын әзірлеуге, таратуға  қатысады.

- АИТВ/ЖИТС және ЖЖБИ  проблемалары бойынша  халықаралық, қоғамдық, облыстық деңгейде ұйымдастырылған семинарларға, конференцияларға қатысады.

- Бүкіләлемдік ЖИТС-ке қарсы күрес және Халықаралық ЖИТС ауруынан қайтыс  болғандарды еске алу күндеріне орай көпшілік іс-шаралар ұйымдастырып өткізеді.

- Бекітілген кестеге сәйкес мамандардың біліктілігін көтеруге ықпал жасайды.

- Бекітілген нұсқамаларға сәйкес еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы, эпидемияға және  өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын сақтайды.

 

Емдiк-көмек бөлiмiн дәрiгер-инфекционист Өтегенова Шолпан Жеңісбекқызы басқарады. Бөлiм мамандары АИТВ-жұқтырғандарға, олармен байланыста болған және қаны АИТВ-ға “күдiктi” деп табылған пациенттерге бақылау жасаумен қатар диагноз қою, иммунитет жетiспеушiлiк жағдайларына, ЖИТС индикаторлық, жыныстық қатынас арқылы таралатын ауруларға диагноз қою, емдеу, алдын алу шараларына байланысты кеңес бередi.

Емдік-көмек бөлімінің құрамына диспансер бөлімшесі, психологиялық-әлеуметтік кеңес беру, достық  кабинеттері кіреді. Сонымен қатар адамдарға сенім телефоны арқылы кеңес беріледі. АИТВ-жұқтырғандарға толық көлемді диспансерлік бақылау жүргізіледі. Науқастарды бақылау үшін электронды бақылау бағдарламасы  енгізілді.

- АИТВ жұқтырған жүкті әйелдерге жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде нәрестеге алдын алу антиретровирусты ем тағайындау, алдын алу шараларын жүргізу;

- оппортунисті аурулардың (пневмоцияті пневмония және токсоплазмоз) алдын алу мақсатында АИТВмен өмір сүруші ересектер мен балаларға алдын алу емін жүргізу және оппорунисті ауруларды (пневмоцисті пневмония, герпетикалық инфекция, токсоплазмоз және кандидоз) амбулаториялық жағдайда емдеу;

- АИТВ-ға тестіге дейін және тестіден кейін кеңес беру

- байланыстан кейінгі антиретровирусты емді қолжетімді ету;

- Тестіге дейін және тестіден кейін кеңес беруді қолжетімді ету;

- АИТВ-мен өмір сүрушілерге және ЖИТС-пен ауыратындарға әлеуметтік және құқықтық сұрақтары бойынша кеңес беру;

- медициналық ұйымдарда және медициналық қызметтегі ведомстваларға әдістемелік-практикалық көмек көрсету, кеңес беру

 

ИФА зертханасы

Диагностикалық зертхана Қызылорда облысы қаржы басқармасының 21.11.2013 ж. № 366 бұйрығымен бекітілген Жарғы негізінде жұмыс істейді, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік: "ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығы" мемлекеттік коммуналдық мекемесі, тіркеу № 1289-1933-01-КММ.-11.12.2013 ж

Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Шукуров көшесі, 52 А, индексі 120008.

Зертхана қызметі келесі құжаттармен реттелген:

  1. Мәлімделген қызмет түрлеріне лицензия
  2. Режимдік комиссияның рұқсаты
  3. ЖИТС орталығының диагностикалық зертханасы туралы ереже
  4. Зертхана өзінің атауы мен зертхана орналасқан мекеменің мекен-жайы көрсетілген мөртаңбамен қамтамасыз етілген

                                       

ШТАТТЫҚ ҚҰРЫЛЫМ

 

Иммунноферменттік зертхананың негізгі міндеттері:

  • облыста АИТВ / ЖИТС инфекциясының жағдайларына мониторинг жүргізу мақсатында зертханалық зерттеулер жүргізу
  • сапаны ішкі және сыртқы бақылау жүйесін ұйымдастыру және практикаға енгізу
  • облыстың емдеу-алдын алу мекемелеріне ұйымдастыру-әдістемелік басшылықты қамтамасыз ету
  • ғылыми-зерттеу конференцияларына қатысу

Автоматты талдауышта қанның биохимиялық көрсеткіштерін колориметриялық әдіспен анықтау

  • Total Protein - жалпы белок (TP)
  • Alkaline phosphatase  – сілтілік фосфатаза (ALP)
  • Alanine aminotransferase - Аланинаминотрансфераза (ALT)
  • Direct bilirubin - тікелей билирубин (D-BIL)
  • Total Bilirubin - жалпы билирубин (T-BIL)
  • Creatinine - Креатинин (CREA)
  • Uric Acid  - Зәр қышқылы(UA)
  • Urea - Несепнәр (UREA)
  • Triglyceride - Триглицерид (TG)
  • Total Cholesterol - Жалпы холестерин (CHOL)
  • Lactate dehydrogenase - Лактатдегидрогеназа  (LDH)
  • Glucose  - Глюкоза (GLU)
  • α-Amylase  - α-Амилаза  (α-AMY)

Автоматты гематологиялық талдауышта қанды гематологиялық зерттеуді орындау (Ағынды цитометрия, колориметрия, электр кедергісі)

  • Лейкоциттер (WBC)
  • Лимфоциттер % (Lym%)
  • Моноциттер %( Mon%)
  • Нейтрофилы%  (Neu%)
  • Эозинофилы% (Eos%)
  • Лимфоциты  (Lym)
  • Эритроциты (RBC)
  • Гемоглобин (HGB)
  • Гематокрит (HCT)
  • Эритроциттегі гемоглобиннің орташа мөлшері (MCH)
  • Тромбоциттер (PLT)

Зәрдің жалпы анализі

  • Глюкоза (моль/л)
  • Белок (г/л)
  • Билирубин (мкмоль/л)
  • Лейкоциты (кл/мкл)
  • Уробилиноген (мкмоль/л)
  • Креатинин (ммоль/л)
  • рН
  • Үлес салмағы