14 Тамыз 2019
1767

«Жастар марафоны - 2019»

12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының Шиелі ауданындағы филиалының, аудандық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Жастар марафоны-2019» аясында аудан жастарының арасында салауатты өмір салтын  және жауапты мінез құлық қалыптастыру, зиянды әдеттердің алдын алуды кеңінен насихаттау мақсатында жеңіл атлетиканың бір түрі жүгіруден  жарыс өткізілді.

 Гигант ауылдық округінің Мәдениет үйінен, кент орталығындағы «М.Шоқай» атындағы орталық алаңға дейінгі қашықтықта бақ сынасқан аудан жастары ерекше ықылас танытты. Марафонға барлығы 57 адам қатысты.