10 Маусым 2023
207

Iшкі талдаудың жария талқылау

«ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығы» КМҚК-ның сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы жария талқылау

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №21 бұйрығымен бекітілген (өзгерістер енгізу туралы) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша жария талқылау жасалатындығын хабарлайды.

Жария талқылау Қызылорда қаласы, З.Шүкіров көшесі №52А мекенжайдағы ғимараттың 2 қабатында орналасқан «ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қызылорда облыстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының 05.06.2023 ж. сағат 10:00 болатындығы жеткізіледі.

Құрметті азаматтар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға белсенділік көрсетіп, өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз.