13 Сәуiр 2023
158

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – бүгінгі күн талабы

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының мәжіліс залында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында ұжым қызметкерлері арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Орталықтың заңгері Е.Маханбетов елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Еңбек кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы, Қазақстан Респбуликасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі негізгі нормативтік құқықтық актілері бар екендігін түсіндіріп, нақтылап айтып берді.