23 Мамыр 2023
140

ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күніне орай мектеп оқушыларының арасында іс-шара өткізілді

ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың Шиелі ауданындағы филиалы мен аудандық білімінің бірріккен жоспарына сәйкес Шиелі кенті № 219 Ы.Алтынсарин атындағы  мектепте жоғарғы сынып оушылары мен мұғалімдері арасында ЖИТС ауруынан қайтыс болғандарды еске алу күніне орай  ЖДО-ның мамандарымен бірлесіп, салауатты өмір салтын қалыптастыру, АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу мақсатында кездесу өткізілді. Іс-шара барысында ЖИТС орталығының маманы Б.Парманқұлов АИТВ/ЖИТС-тің індеттік ахуалы, алдын алу шаралары туралы баяндама жасады. Аудандық ЖДО-ның  маманы Ұ.Дүрімбетова  салауатты өмір салтын ұстану денсаулықтың басты кепілі екеніне түсіндірме жұмыстары жүргізіп, ақпараттық парақшалар таратылды. Іс-шара соңында оқушылармен сұрақ-жауап алмасып, қорытындыланды.